Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезінен дәйексөздер

ШЛОМО АМАР ИЗРАИЛЬДІҢ БАС СЕФАРД РАВВИНІ 
 
Бейбітшілік сүйгіштік - ең алдымен төзімділік, басқа діндерді құрметтеу. Кез келген діни наным-сенімге түсіністікпен қарау қажет. 
«Барлығымыз бейбітшілік көшбасшысы болайық, ізбасарларымыз бейбіт жолмен жүруі үшін бірінші қадамды біз бастайық деген үндеу тастаймын». 

ЖАН КРЕТЬЕН КАНАДАНЫҢ БҰРЫНҒЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ 
 
«Мұндай диалог аса маңызды, ол өзара түсіністікке бағытталуға тиіс. Адамдардың бостандығын қамтамасыз етуге қатысты алғанда, бұл - дұрыс қадам. Барлық көзқарас 
бауырмалдыққа жеткізуге тиіс. 

ЦУНЕКИЁ ТАНАКА «ДЖИНДЖЯ ХОНЧЁ» ЖАПОНДЫҚ СИНТОИСТІК ХРАМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ 
 
Бізге берілген жалғыз жол - бұл ұлтқа, нәсілге, тілге бөлу сияқты кедергілерді алып тастап, өзара түсіністік, бірін-бірі құрметтеу сияқты жағымды ұғымдарды біріктіру, сөйтіп нағыз «бейбітшілік» пен «келісімді» сезіну.