Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінен дәйексөздер

ДІНАРАЛЫҚ  ДИАЛОГ  ЖӨНІНДЕГІ ПАПА КЕҢЕСІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАН-ЛУИ ТОРАННЫҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ 
 
Бейбітшілік, қауіпсіздік, үйлесімділік пен даму - адамзаттың арманынан да жоғары. Бұл - елеулі қажеттілік. Ендеше осы қажеттілікке адал қызмет етуүшін қолымыздан келгеннің бәрін жасайық! 

ИНДУИЗМДІ ЖӘНЕ ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫ  ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ САМИР ШАНТИЛАЛ СОМАЙЯНЫҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ 
 
Жаратылыстың барлық кеңістігінде бейбітшілік болса, біз планетамыздың экологиялық жүйесін құрметтейтін болсақ, егер біз табиғатқа және оңтайлы немесе ақыл жетпейтін барлық тіршілік иесіне қамқорлықпен қарайтын болсақ, егер біз отбасы мен оның мүшелерінің құндылығын қорғайтын болсақ, егер біз қоғамның әлсіз мүшесіне қамқорлық жасайтын болсақ, онда өзіміздің қоғам үшін дамумен өсуге өте қажетті бейбітшілік орнатамыз. 

МИНСК ЖӘНЕ ЗАСЛАВСК МИТРОПОЛИТІ, БҮКІЛ БЕЛАРУСЬТІҢ ПАТРИАРХТЫҚ ЭКЗАРХЫ ПАВЕЛДІҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ 
 
Әртүрлі дін лидерлерінің, түрлі елдердің өкілдері мен халқының даусына бәрі құлақ қойып, әлемдік қауымдастық лайықты бағасын береріне сенемін. Бізге бұл форум бейбітшілік пен келісім диалогін нығайтуға, рухани адамгершілік шыңына ұмтылуға мүмкіндік береді.