Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі

«ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ АДАМЗАТТЫҢ РУХАНИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ».

Басылымда 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінде қазіргі әлемнің рухани және саяси элитасы өкілдерінің сөйлеген баяндамалары енгізілді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінен дәйексөздер

ВАТИКАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЖӘНЕ КАТОЛИК ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ РИМ ПАПАСЫ  ФРАНЦИСКТІҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ 
 
Құдай – бейбітшілік, және ол әрқашан бейбітшілікке апарады, ешқашан соғысқа жетелемейді. Сондықтан, қақтығыстарды күштің пайдасыз дәлелдерімен, қару жарақпен және қоқан-лоққылармен емес, тек адамға лайықты Аспан батасын беретін құралдармен: балалар мен жас ұрпақтарға ерекше қамқорлықпен өткізілетін кездесу, диалог, шыдамды келіссөздер арқылы шешу қажеттілігін одан әрі күшейтуге өзімізді арнайық. 

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің декларациясы

Біз, VII съезге қатысушылар – әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани лидерлері, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың жетекшілері,

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің vi съезінің декларациясы

2018 жылғы 11 қазан

Біз, VI съездің қатысушылары – барша адамзаттың гүлденуі жолында бейбітшілікке, келісімге және жасампаз ынтымақтастыққа бірыңғай ұмтылыспен біріккен әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, мемлекет басшылары, халықаралық ұйымдардың басшылары,

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші съезіне қатысушылардың декларациясы

Біз, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне қатысушылар, адамзат үшін жарқын болашақ үшін бейбітшілік, келісім және сындарлы ынтымақтастыққа деген ұмтылысты біріктіреміз.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің iv съезінің декларациясы

Біз, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезіне қатысушылар, адам тағдырын, оның қадір-қасиеті мен ажырамас құқықтарын тануда біртұтаспыз.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінен дәйексөздер

ДІНАРАЛЫҚ  ДИАЛОГ  ЖӨНІНДЕГІ ПАПА КЕҢЕСІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАН-ЛУИ ТОРАННЫҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ 
 
Бейбітшілік, қауіпсіздік, үйлесімділік пен даму - адамзаттың арманынан да жоғары. Бұл - елеулі қажеттілік. Ендеше осы қажеттілікке адал қызмет етуүшін қолымыздан келгеннің бәрін жасайық! 

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезінен дәйексөздер

ШЛОМО АМАР ИЗРАИЛЬДІҢ БАС СЕФАРД РАВВИНІ 
 
Бейбітшілік сүйгіштік - ең алдымен төзімділік, басқа діндерді құрметтеу. Кез келген діни наным-сенімге түсіністікпен қарау қажет. 
«Барлығымыз бейбітшілік көшбасшысы болайық, ізбасарларымыз бейбіт жолмен жүруі үшін бірінші қадамды біз бастайық деген үндеу тастаймын». 

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезінен дәйексөздер

ИЗРАИЛЬ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЭКСПРЕЗИДЕНТІ ШИМОН ПЕРЕСТІҢ СӨЗІ 
 
Біз дінді лаңкестіктен ажыратуымыз керек. Бұл үшін барлықдінге сенетін адамдар наным-сенімдеріне, қандай дінге сенетіндігіне және жынысына қарамастан, бірігіп күш-жігер жұмсауға тиіс.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі

Оқырмандар назарына ұсынылған кітап-альбомда 2015 жылғы 10-11 маусымда Астана қаласында «Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы диалогі» тақырыбында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінде сөз алған әлеміне беделді дін және саяси қайраткерлерінің сөздері берілген.

III әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Оқырман назарына ұсынылып отырған жинаққа 2009 жылғы 1-2 шілдеде Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезінде сөйлеген әлемнің рухани және саяси элитасы көрнекті өкілдерінің сөздері енгізілді.
Басылым дінге және саясатқа қатысы бар адамдарға ғана емес, шынайы және мәнгілік рухани құндылықтарды, адамгершілік мұраттарды қастерлейтін, планетамыздың болашағына бей-жай қарамайтын адамдардың барлығына арналған.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі

Оқырмандардың назарына ұсынылып отырған фотоальбом 2012 жылғы 30-31 мамырда Астанада өтекн Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері IV Съезінің сан қырлы және ахуалын сезінуге мүмкіндік береді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінен дәйексөздер

МӘСКЕУ ПАТРИАРХАТЫ СЫРТҚЫ ШІРКЕУ БАЙЛАНЫСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ВОЛОКОЛАМ МИТРОПОЛИТІ ИЛЛАРИОННЫҢ  СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ 
 
Діни қауымдастықтың алдында өте маңызды міндет тұр, бұл – діншілдерді, әсіресе жастарды радикалдардың жойқын ықпалынан қорғау. 

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері екінші съезі құжаттары дінаралық диалог принциптері

Диалог адалдыққа, төзімділікке, кішіпейілдікке жөне өзара құрметтеушілікке негізделетін болады. Бұл түйсініп қабылдау мен танымды білдіреді, ізгілікті іс жасау оның нәтижесі болуға тиіс.