История
Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары
Описание
Оңғаров Е.А. Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары – Алматы : «Көкжиек» баспасы, 2013.– 272 б.
Аннотация
Бұл ғылыми еңбек ислам дініндегі құндылықтарды мәдени антрополо гиялық феномен ретінде қарастырып, қазақ мәдениетіндегі ислам дінінің этикалық ұғымдар бастауларын философиялық, тарихи, мәдениеттану, дінтану секілді ғылымдар тоғысында, кең пәнаралық шеңберде зерттейді. Қазақстандағы мұсылмандық дүниетанымның аксиологиялық сипаттамасын мәдениеттанулық тұрғыдан талдайды. Монография авторы мыңжылдық тарихы бар Әл-Азхар университетінің теология мамандығының бакалавры әрі магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мәдени антропология» мамандығы бойынша PhD докторантура білім беру бағдарламасын тәмамдаған PhD докторы Ершат Оңғаров қазақ мәдениетінің қалыптасуы мен даму процесіндегі ислам құндылықтар жүйесінің моральды-этикалық категорияларын анықтап, Ислам философиясындағы ел бірлігі туралы ойлар хақында, Қазақстан үшін дәстүрлі исламға жат радикалды ағымдардың таралмауының оңтайлы мәселелері туралы ғылыми ізденіс-зерттеулерін қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық салаға нақты мәдени-танымдық зерттеу ретінде ұсынып отыр. Монография мәдениеттанушы, дінтанушы, философ, теолог мамандарға және Ислам құндылықтарын тануды мақсат еткен ізденуші қауымға арналады.